Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Кеуде жақтан тесіп жасайды": Фариза Төреәлі өзіне жасалатын ота жайлы айтты

AstanaTV
18.11.2023ж. 23:28
1739
"Кеуде жақтан тесіп жасайды": Фариза Төреәлі өзіне жасалатын ота жайлы айтты

Бүгінде Түркияда денсаулығын тексертіп жатқан Фариза Төреәлі қазіргі жағдайын бөлісті. Желі жұлдызы жақын арада өзіне ота жасалатынын хабарлады. Түркиялық дәрігерлер блогердің өкпесін толыққанды тексеру үшін операция жасау керектігін айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Фариза Төреәлінің өзі Instagram парақшасында хабарлады. Ол өзі үшін алаңдап жатқан барша оқырманына арнайы видео түсіріп, соңғы жаңалықтарын жеткізуде.

"Қазір бірнеше дәрігерге кіреміз. Өкпемді тексеретін болады. Биопсия алады екен. Оны тесеміз деді. Көп анализ тапсырып жүрген соң, өзім де көп уақыт аш жүрмін. Тіпті сағат тамақтанбадым. Хирург операция қалай болатынын айтты. Жай ғана өкпедегінің не екенін білу үшін ота жасайды. Кеуде жақтан тесіп жасайды екен. Бұған қайта қуанып отырмыз. Себебі, кеудеден биопсия алу үшін біз жақта кеудені орта жақтан кеседі деген. Таңғалып қалдым. Құр анализге бола кеседі ма деп. Ал бұндай тесіп жасайтын биопсия Түркия мен Кореяда ғана бар екен", - деді Фариза.

Блогер арудың айтуынша, ота жалпы наркозбен жасалады екен. Түркиялық мамандар отаның қалай өтетінін алдын ала түсіндіріп, оны барынша дайындауда.