Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстанның үздік боксшысы Ташкентте жеңіске жетті

AstanaTV
18.11.2023ж. 22:44
628
Қазақстанның үздік боксшысы Ташкентте жеңіске жетті

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Ташкентте (Өзбекстан) өткен кәсіпқой бокс кешінде чилилік боксшы Хулио Аламоспен (16-1, 9 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Хумо Аренада» өткен жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған болатын. Кездесу белгіленген уақытқа дейін жалғасты. Нәтижесінде Мейірім Нұрсұлтанов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша отандасымыз WBC чемпионының міндетті қарсыласы атанды.

Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой мансабындағы 20-жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Хулио Аламос екінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Нұрсұлтанов Boxrec.com нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік боксшысы.