$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақсуда ер адам 12 жастағы қызды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген

AstanaTV
19.11.2023ж. 10:59
1062
Ақсуда ер адам 12 жастағы қызды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген

Павлодар облысында жасөспірім қыз зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Ақсу қаласының 26 жастағы тұрғыны жасөспірімді оральдық жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп, оны мектеп маңында аңдып жүрген. Қазір бұл істі полицейлер тексеріп жатыр, күдікті ұсталды.

Ер адам оқушы қызбен әлеуметтік желіде танысқан. Ол баланы оральдық жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп, содан кейін мектеп жанында күтіп жүріп, қайталауды талап еткен. Жасөспірім болған жайтты анасына айтып, анасы полицияға арыз жазды.

Ақсу қаласының білім бөлімінде бұл ақпаратты растады. Полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

“Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті анықталды. Ол Ақсу қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», - деп түсіндірді Павлодар облысының полиция департаментінен.

Ер адам 20 жылға дейін бас бостандығынан және белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.