$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Алматы облысында мектеп оқушылары тамағының сапасын бақылайтын арнайы комиссия құрылды

20.11.2023ж. 20:00
596
Алматы облысында мектеп оқушылары тамағының сапасын бақылайтын арнайы комиссия құрылды

Алматы облысында оқушыларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында мектеп асханаларына мониторинг жүргізілді. Тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, оларды жою үшін білім ордаларында арнайы комиссия құрылған.

Қазір әр ауданда ата-аналар мен облыстық білім басқармасының өкілдері бірлесіп, балалардың тамақтану сапасына бақылау жүргізуде. Алматы облысы бойынша 429 мектепте 173 мыңнан астам оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Қарой ауылындағы 18 мектеп ата-аналары биылғы мәзірдің ерекшелігін атап өтті.

Гүлвира ШОЛАҚОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Бұрын үлкен сыныптарға тек қана сосиска, пирожки сондай берілетін, ал биылғы асханамыз үлкен сыныпқа да, кіші сыныпқа да ыстық тамақ беріледі. Және бала тоймай қалса тағы да балаға салынып беріледі.

Облыстық білім басқармасының өкілдері Іле, Талғар және Қарасай аудандарындағы 4 мектептің асханасына бақылау жүргізді. Балалардың да пікірін сұрадық.

Раяна ТОЛЫМБЕК, ОҚУШЫ:

Асхананың тамағы өте дәмді, апайларыда мейірімді. Біздің сыныптағы балаларға қатты ұнайды тамақтар. Әр бейсенбі сайын бізге балық береді, гречка береді еще қасына алма қосып береді. Біз қуана тауысып, рахметті айтып шығамыз.

Ляззат КАТКЕЕВА, ІЛЕ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі күні 29 мыңнан астам бала, ыстық тамақпен 1-4 сынып сынып оқушылары қамтылған. Ал 5-11 сынып аралығында 7 мыңдай бала ыстық тамақпен қамтылып отыр. Бүкіл мектептерде қазір жаңа жағдай жасалған. Қазір ұйымдастыру сәтін көріп отырмыз, екі-үш күн болды бақылап отырмыз.

Оқушыларды сапалы, теңестірілген тамақпен қамтамасыз етіп, кемшіліктерді жою мақсатында әр мектепте арнайы бракеражды комиссия жұмысын жүргізуде.