Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Қызының жоғалып кеткені туралы хабарды анасы берген",-полиция департаменті

20.11.2023ж. 20:00
502
"Қызының жоғалып кеткені туралы хабарды анасы берген",-полиция департаменті

Павлодалық полицейлер із түссіз жоғалып кеткен 7 жастағы қыздың мәйітін тапты. Өлтірді деген күдікпен қыздың анасы мен оның танысы қамауға алынды. Полиция департаментінің мәліметінше, олар баланы өлтіргендерін мойындаған. Қазір істің ақ қарасы анықталып жатыр. Қызының жоғалып кеткені туралы хабарды полицияға анасы берген. Екі күні бойы тәртіп сақшылары мен еріктілер елдімекендерді түгел қарады. Іздеу жұмыстарына тікұшақ та жұмылдырылды.

Болат НҰРСЕЙІТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Оқиға орнында облыстық ПД, прокуратура және әкімдіктің басшылығы, сондай-ақ мамандандырылған топ жұмыс істеп жатыр.