$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жыл басынан бері 847 мың адам жұмыспен қамтылды

20.11.2023ж. 20:00
1530
Жыл басынан бері 847 мың адам жұмыспен қамтылды

Бір жыл әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге толы болды. Ең төменгі жалақы 60 мың теңгеден 70 мыңға өсті. 1 млн 800 мың тұрғынның айлығы көтерілді. Жыл басынан бері 847 мың адам жұмыспен қамтылған. Оның 420 мыңнан астамы – жастар. Балаға берілетін жәрдемақының мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға ұзартылды. Қазір 632 мыңға жуық ата-ана 258 миллиард теңге көлемінде мемлекеттен көмек алады. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылды. Енді қордағы инвестициялық кірістің 50% 18 жасқа дейінгі балаларға бөлінеді. 1-топтағы мүгедектерге күтім жаса үшін адамды жеке күтуші ретінде тіркеу мүмкіндігі берілді. Жетім балаларға арналған 36 ұйым балаларды қолдау орталығына айналды. Бала құқығын қорғау мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды.

Жас кәсіпкерлерге 2,5% шағын несие берілді. 7,4 мың өтініш қабылданып, 24,1 миллиард теңгеге 5,3 мың адам қарыз алды.