Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ақмола облысындағы құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты

AstanaTV
21.11.2023ж. 10:51
737
Ақмола облысындағы құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты

Ақмола облысында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция өкілдері 1966 жылы туған Астана қаласы тұрғынының биіктіктен құлап мерт болғанын анықтады.

"Ер адам салынып жатқан учаскеде жұмыс істеу кезінде төрт метр биіктіктегі тірек бөлігі опырылып құлаған", делінген хабарламада.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.