Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қалыңмал - 10 мың доллар

AstanaTV
21.11.2023ж. 12:30
704
Қалыңмал - 10 мың доллар

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың отбасы жақында кенже ұлын үйлендірді. Заңғар Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков "Ұйқым келмейді" бағдарламасында кіші келінінің қалыңмалына 10 мың доллар бергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама мәліметіне сүйенсек, продюсердің отбасы тойға 300 адам шақырған. Алайда 400 адам келген.

"Бұл жолы Заңғар "Адамды аздау шақырайық" деді. Біз ескіліктің адамымыз ғой. Тізімді беріп, бәріне сөз бермек болдық. Алайда баламның айтуымен, тойда тілек айту аздау болды. Бірақ бәрі билеп, көңілді өтті. Той ел қатарлы өтті деп ойлаймын. Қалың мал 10 мың доллар берді-ау. Сосын тағы бірнәрселері, тағатын бриллианты бар. Ол жағына араласпаймын. Құдайға шүкір, асып бара жатқан ештеңесі жоқ. Бәрі ел қатарлы", - деді Нұртас Айдарбеков.