Ақмола облысында танысып атып, көлігін ұрлап әкеткен күдіктіні полиция іздеп жатыр.
"Макинск қаласының 27 жастағы тұрғыны өзінің танысы, 23 жастағы жергілікті тұрғынды атып өлтіргені анықталды. Күдікті қаза болған адамның «Toyota Land Cruzer Prado 150» автокөлігін ұрлап, оқиға орнынан қашып кетті. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел – іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Полиция департаментінің жеке құрамы мен күштері бағдарланған", - деп жауап берді ПД баспасөз қызметінен.