Спорт Қазақстан
$460.15 €501.38 ₽5.11
×

"Шетелге көшеді": Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы мен жаңа түскен келінінің жаңалығын бөлісті

AstanaTV
21.11.2023ж. 19:16
551
"Шетелге көшеді": Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы мен жаңа түскен келінінің жаңалығын бөлісті

Гүлзира Айдарбекова жақында үшінші ұлын үйлендірді. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында кенже баласы мен келінінің шетелге көшетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Келіннің бір-екі күн шайын іштім. Бірақ толық жанында болмадық. Алла қаласа, келді ғой енді. Бірақ олар жақында шетелге көшпекші. Жұмыстары біткесін келіп қалар деп отырмыз", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, продюсер Гүлзира Айдарбекова бүгін кіші ұлы Заңғардың тойын дүркіретіп өткізді. Алматы қаласында өткен өнерлі отбасының қуанышына шоу-бизнес жұлдыздары жиналған болатын. Нұртас Айдарбековтің айтуынша, тойға 300 адам шақырған. Алайда үйлену тойына 400 адам жиналған.