Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстанда сиреналар қосылады

AstanaTV
21.11.2023ж. 18:36
699
Қазақстанда сиреналар қосылады

Қазақстан бойынша сиреналар естіледі. Елімізде 23 қарашада ескерту жүйесінің республикалық тексерісі өтеді.

23 қарашада сағат 12:55-те республика бойынша электр сиреналарын, сирена-дыбыс құрылғыларын іске қосу және телерадио хабарларын тыңдау арқылы ескерту жүйесі тексерілетін болады. Бұл шара «Қыс-2023» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізілуде.

«Төтенше жағдайлар қаупі төнген кезде тұрғындардың назарын аудару үшін электр сиреналары, сирена-дыбыс құрылғылары немесе басқа да сигнал беру құралдары қосылады, бұл «Барлығының назарына!» бірыңғай ескерту сигналын беруді білдіреді. Белгі берілген жағдайда тұрғындар ақпарат пен ағымдағы жағдайдағы іс-қимылдар туралы нұсқаулар алу үшін ақпарат алудың қолжетімді құралдарын (телеарналар, радио, интернет сайттары, әлеуметтік желілер, мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар және т.б.) дереу қосуы керек» делінген хабарламада.