$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Балаларыма үнемі еңбек етіңдер, маңдай термен табыңдар деп ақыл айтып отырамын", - жұмысшы

"Балаларыма үнемі еңбек етіңдер, маңдай термен табыңдар деп ақыл айтып отырамын", - жұмысшы

«Енбегінен ел таныр». Қашанда ақ адал жұмысымен нан тауып жүрген жанның мерейі үстем. Келесі сюжетіміздің кейіпкері Серік Асқарбаев бұл сөзімізге дәлел. Қызылордалық азамат бірнеше жылдан бері Сыр маржанын ақтап, халыққа сапалы өнім жеткізу жолында аянбай тер төгіп келеді.

Серік Асқарбаев жеке компаниялардың бірінде күріш ақтаушы болып жұмыс істейді. Корейлік технологиямен жабдықталған зауыт жұмысын бес саусағындай меңгеріп алған. Алып техниканы 24 сағат өшірмейтін кездер де болады екен. Ондайда екі ауысымдық жұмыс кестесіне көшеді. Бірақ ешқашан шағым айтып көрмеген.

Серік АСҚАРБАЕВ, КҮРІШ АҚТАУШЫ:
Жақсы қылып шығаруға, сапалы қылып халыққа жеткізуге жұмыс істейміз. Қиындық жерлері де болады, жеңіл жері де болады. Қиындығына мойымай келеміз. Өйткені нан жеп отырмыз осы жерден. Балаларыма ең көп айтатын ақылым «еңбек етіңдер, маңдай терлеріңмен табыңмен. Адал нандарыңды жеңдер деймін.
20 жылдан бері адал қызмет етіп келе жатқан жұмысшының еңбегін әріптестері де жоғары бағалайды. Тіпті үздік атанып, қаржылай сыйлыққа ие болған.

Берік СЕЙТЖАНОВ, КҮРІШ АҚТАУ ЗАУЫТЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Жан-жағымен, ұжыммен тығыз байланыста. Өнерлі, өлең айтады. Баянмен өлең айтады. Жұмысына адал, тиянақты. Жұмыстан қалмайды. Сосын өтірік айтпайды. Сондай қызметкерлер компанияда көп болса, өрлеуіне күшті, жақсы әсер етеді.
Еңбек қашанда адамды жақсылыққа, жетістікке жетелейді. Кейіпкеріміздің негізгі ұстанымы бұл. Оның өз жұмысына деген жауапкершілігі мен тұрақтылығы да соның нәтижесі болар.