Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпке ағылшындық "Манчестер Юнайтед" қызығушылық танытуда

AstanaTV
22.11.2023ж. 20:00
939
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпке ағылшындық "Манчестер Юнайтед" қызығушылық танытуда

Гибралтар мен Нидерланды құрамалары арасындағы Еуропа — 2024 чемпионатына іріктеу кезеңіндегі топтың қорытынды турының матчы аяқталды. Нидерланды 6-0 есебімен жеңіске жетті. Стенгс Хет-трик жасаса, Виффер, Копмейнерс және Гакпо бір бір голдан соқты. Нидерланды іріктеу кезеңін топтағы екінші позицияда аяқтап, сегіз матчта 18 ұпай жинады. Рональд Куманның шәкірттері Еуро-2024 финалдық кезеңіне шықты. Гибралтар кестеде соңғы орында.

НИДЕРЛАНДЫ ГИБРАЛТАРДЫ ЖЕРМЕН ЖЕКСЕН ҚЫЛДЫ

Тағы бір матчта Хорватия құрамасы Арменияны 1-0 жеңді. Кездесу Загребтегі «Максимир» стадионында өтті. Кездесудің 43-минутындағы жалғыз голды шабуылшы Анте Будимир соқты. Осы жеңіспен хорваттар топта 2 - ші орынға ие болды және Еуро-2024 финалдық кезеңіне шығуға кепілдік алды.

ХОРВАТИЯ АРМЕНИЯНЫ ЖЕҢДІ

Ал Франция мен Грециямен 2-2 есебімен тең ойнады. Бірінші таймның соңында Рандал Коло-Муани француздарды алға шығарды. Үзілістен кейін бірден гректер 5 минут ішінде екі гол соқты. Кездесудің соңында француз командасы Юссуф Фофанның голының арқасында есепті теңестірді. Француздар бұл іріктеу турнирінде бірінші рет ұпай жоғалтты.

ФРАНЦИЯ МЕН ГРЕЦИЯ ТЕҢ ТҮСТІ

Бельгия құрамасының шабуылшысы Ромелу Лукаку Әзірбайжанға қарсы Еуропа чемпионатына іріктеудің соңғы матчында төрт гол соғып, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің үздік бомбардирі атанды. Оның есебінде 14 гол.

Бельгиялық төрт голмен португалдық Криштиану Роналдудан озып, іріктеу ойындарының бомбардирі атағы үшін күресте жаңа рекорд орнатты. Үздік үштікті 9 гол соққан Француз Килиан Мбаппе аяқтады.

 ЛУКАКУ ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҮЗДІК СҰР МЕРГЕНІ АТАНДЫ

Аргентина құрамасы АҚШ, Мексика және Канададағы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Бразилия құрамасын жеңді. Маракана стадионындағы кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз голды 63 минутта қорғаушы Николас Отаменди соқты. Сондай-ақ, 82 минутта бразилиялық шабуылшы Жоэлинтон тікелей қызыл картамен ойыннан шеттетілді.

Ұлттық құрамалар арасындағы матчтың басталуы жанкүйерлер мен полиция арасындағы дауға байланысты кейінге шегерілді. Тіпті аргентиналық футболшылар да қақтығысқа араласты, бірақ Месси команданы алаңнан алып кетті. Алты матчтан кейін Аргентина 15 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орын алады. Бразилия 7 ұпаймен алтыншы орында.

АРГЕНТИНА БРАЗИЛИЯНЫ ЖЕҢДІ

Америкалық «Интер Майами» футболшысы Лионель Месси мен «Аль-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду 2024 жылдың ақпанында бір-біріне қарсы ойнайды. Аңызға айналған футболшылар Эр-Риядта жолдастық турнир аясында кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Мессидің осы жазда Сауд Арабиясына ауысуға мүмкіндігі болған. Бірақ ол бас тартты. Интер Майамиде Месси осы маусымда барлық турнирлерде 14 матч өткізді, онда ол 11 гол салып, 4 нәтижелі пас берді. Роналду 2023 жылдың қысында әл-Насрға қосылды. Осы маусымда португалдық клубта барлық турнирлерде 17 матч өткізді, онда ол 16 гол мен 9 нәтижелі пас берді.

Месси мен Роналдудың соңғы «жекпе-жегі»

Қазақстан құрамасы мен Санкт-Петербург "Зенитінің" қорғаушысы Нұралы Әліпке ағылшын "Манчестер Юнайтеді" қызығушылық танытуда. Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турнирінің матчына Словениямен бірге Ағылшын клубының скауттары келуі керек еді. "Манчестер Юнайтедтің" Әліпке деген қызығушылығының себебі Қазақстан құрамасының жақсы өнер көрсетуі болды.

Ағылшын премьер-лигасының командасы қазақстандық қорғаушы үшін қажетті соманы төлеуге дайын. Мәміледе түрік клубтарының бірі делдалдық етуші болуы мүмкін. Өздеріңіз білетіндей, қазір санкцияға байланысты Еуропалық клуб үшін Ресейге футболшы үшін тікелей төлемдер жасау мүмкін емес. Айта кетейік, Transfermarkt сайтының мәліметі бойынша Әліптің нарықтық құны екі миллион еуроға бағаланады.

«МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД» ӘЛІПКЕ ҚЫЗЫҒУДА

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікіболуымүмкін!

Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.