Павлодар облысының Шідерті кентінде 8 айлық бала шетінеді. Полиция оның денесінде зорлық іздері жоқ екенін айтады. Баласының шетінеп кеткені туралы хабарды полицияға анасы хабарлаған. Әзірге оның өліміне не себеп болғаны белгісіз. Себебін анықтау мақсатында балаға медициналық сараптама жасалды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, анасы жиі қоныс аударған. 3 баласы мен бірге 3 ай бұрын осы кентке көшіп келіпті. Бұған дейін әлеуметтік желіде баланың аштықтан көз жұмғаны айталған. Алайда, басқарма бұл ақпаратты растамады.
Айгүл МҰҚЫШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Баланың салмағы жасына сай келмейді. Өлімнің нақты себебі сараптама қорытындысынан кейін анықталатын болады. Осы дерек бойынша басқарма тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.