Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Халықтың да, бизнестің де билікке сенімі артып отыр", - экономист

22.11.2023ж. 20:00
498
"Халықтың да, бизнестің де билікке сенімі артып отыр", - экономист

Салық, бюджет, ақша-несие, ішкі өндіріс пен шикізаттық емес экспортты ұлғайту. Бір сөзбен айтқанда ел экономикасын көтеру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттарының бірі. Экономиканы дамытудағы ілкімді істерді Бекболат Саутов сабақтайды.

Президенттің Сайлауалды бағдарламасы экономикада адал және нақты ережелер орнатуға бағытталған. Яғни қай сала болмасын ашықтықты қамтамасыз етіп, барлық адамға тең мүмкіндік жаратуды көздеді. Осы арқылы Мемлекет басшысы жосықсыз монополистердің қызметіне жол бермейтін республиканы дамытудың жаңа экономикалық моделіне көшеміз деді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс.

Президент қолға алған шараның бірқатары қабылданып үлгерді. Мәселен биыл елге 41,3 млрд доллар шетелден тікелей инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш. Бұдан өзге, қазыналық саясатқа да көп көңіл бөлінуде. Нәтижесінде жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленіп жатыр. Сонымен қатар «сән-салтанат» заттарына қосымша акциз енгізу мәселелері пысықталуда. Көлеңкелі бизнесте шет қалған жоқ. Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Бауыржан ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИСТ:

Экономикада ілгерілеушілік бар. Оның тағы да бір жақсы көрсеткіші мынау көлеңкелі экономиканың жалпы ұлттық өнімдегі үлесін 15 пайызға дейін азайту. Яғни бір уақыттары мынау көлеңкелі экономика арқылы заңсыз қызмет атқару тиімді болатын болса, қазіргі уақытта керісінше барлығы да заңның аясында болса, ол мемлекетке де тиімді, ол халыққа да тиімді яғни халықтың да бизнестің де билікке деген сенімі артып отыр.

Банкке берешегі көбейіп, қарызын қайтаралмай жүргендерді де Президент ұмытқан жоқ. Өзін-өзі банкрот деп тану бойынша заң жобасын қабылдады. Нәтижесінде 11,3 млрд теңгеден астам сомаға 7 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды.

ҚР ҮКІМЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі сот арқылы берешекті 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін алуды қарастырады. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесе әзірленіп, сот арқылы бекітіледі. Бұл рәсім түрінің ерекшелігі одан кейін борышкерге «банкрот» мәртебесі берілмейді, сондықтан борышкерге оның салдары қолданылмайды.

Айтылған мәселелер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолға алған реформаларының тек бір парасы ғана. Президенттің сайлау алдындағы тұғырнамасында айтылған басты бастамаларды жүзеге асыру жалғаса бермек.