Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Қызылордада «бройлер» құстарды өсіру қолға алынды

Қызылордада «бройлер» құстарды өсіру қолға алынды

Қызылордада «бройлер» құстарды өсіру қолға алынды. Жұмыртқаны жарып шыққанына бірнеше күн болған балалапандар арнайы цехта өсірілуде. Шаруашылық иесі келешекте Сыр халқын тауық етімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Кәсіптің дөңгелеуіне мемлекет тарапынан төмен пайызбен берілген несие қолдау болған.

Қазіргі таңда екі шағын цехта 3 мың балапан бар. Олар Жамбыл облысынан әкелінген. «Сыр құсы» шаруашылығы өкілінің айтуынша, шөжелердің басты ерекшелігі еттілігінде. Олар 30-55 күн ішінде сойылады. Ал қысқа уақытта 1,5-2,5 келіге дейін ет береді екен. Шаруашылық бұл мақсатта «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша мемлекеттен төмендетілген пайызбен 27,6 млн теңге несие алған.

Бейбарыс ҚУАНДЫҚ, «СЫР ҚҰСЫ» ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Бізде 2 тауық кепе бар. оны 30-ға дейін жеткізейін деп жатырмыз. Сол кезде барлық балапандардың саны 45 мың штукқа дейін болады. Алдағы уақытта бағасы да халыққа тиімді болады деп ойлаймыз.

Аймақта биыл ауылшаруашылығын қолдауға 18,5 млрд теңге қаржы жұмсалған. Оның 16 млрд теңгесі шаруашылықтарға субсидия ретінде берілген. Жеке серіктестіктер сондай қолдаудың нәтижесінде шетелдік техникаларды сатып алуға мүмкіндік алып отыр.

Марат СӘРСЕНБАЕВ, ЖЕКЕ СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:

Біздің компания мемлекет тарапынан жанар жағармайға және техникаға сосын тыңайытқыштарға субсидия алып отырмыз. Мемлекеттен қолдаулар жақсы.

Аймақта егін шаруашылығын әртараптандыру бағытында да жүйелі жұмыстар жасалуда.

Талғат ДҮЙСЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

20 жылдары күріштің үлесі жалпы егісте 49-50 пайызға днейін жететін. Үстіміздегі жылы жалпы егіс көлемінде күріштің көлемі 46 пайызды құрап отыр. бұл дегеніміз күрішті қысқартқан деген сөз емес, біз басқа дақылдардың көлемін үлғайтып келе жатырмыз. Суды аз пайдаланатын. Бірінші кезекте ол майлы дақылдар.

Аймақта бүгінде күріштен өзге бірнеше ауылшаруашылығы өнімі әлемнің 21 мемлекетіне экспортталады.