Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Екібастұзда жылу орталығының бұрынғы басшыларына қатысты сот үкімі шықты

23.11.2023ж. 20:00
538
Екібастұзда жылу орталығының бұрынғы басшыларына қатысты сот үкімі шықты

Екібастұзда жылу орталығының бұрынғы басшыларына қатысты сот үкімі шықты. 3 бірдей лауазымды тұлғаға қызметіне салғырт қарағаны үшін 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Олар -"Екібастұзжылуэнерго" серіктестігінің бұрынғы бас директоры Павел Мельничук, бөлімнің бұрынғы басшысы Виктор Вебер және "Екібастұз жылу желілері" серіктестігінің бұрынғы директоры Евгений Горват. Естеріңізге салайық, былтыр 27 қарашада жылу қазандығында ірі апат болып, түгел қала жылусыз қалған болатын. Салдарынан шаһар халқы қыс бойы пәтерлерінде тоңып шықты.

Агидель ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Сот оларға пробациялық бақылау белгілеп, мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, әрқайсына 2 ыжл 6 ай бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны тағайындады. Сондай-ақ, сотталғандар коммерциялық ұйымдарда 3 жыл мерзімге басшылық лауазымда қызмет ету құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.