Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қостанайда экс-судья Асқар Дарбаевқа үкім шықты

23.11.2023ж. 20:00
480
Қостанайда экс-судья Асқар Дарбаевқа үкім шықты

Қостанайда ірі көлемде пара алған экс-судья Асқар Дарбаевқа үкім шықты. Онымен қоса осы іске қатысы бар аудан әкімінің орынбасары да жазаға тартылды. Тергеу материалдарына сәйкес сотталушы кәсіпкерден 19 миллион теңге пара алған. Қомақты ақша алған экс-судья сот шешімін соның пайдасына шығармақ болған көрінеді. Ал әкімнің орынбасары делдалдық қызмет көрсеткен. Сот үкімімен Асқар Дарбаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды.Экс- шенеунік Елжас Қалқаев 1 жылға сотталды.

Мерей АМАНЖОЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТ СУДЬЯСЫ:
Асқар Дарбаевты қылмыстық кодекстің 366 бабы үшінші тармағы, үшінші бөлігімен кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.Өмір бақи мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтер атқару құқығынан айрылсын.