Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы екі матчты да сырт алаңда өткізеді

AstanaTV
23.11.2023ж. 23:24
525
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы екі матчты да сырт алаңда өткізеді

23 қараша УЕФА қауымдастығының бастамасымен Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Швецарияның Ньон қаласында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребе қорытындысы бойынша футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы көктемде өтетін Ұлттар лигасындағы екі матчты да сырт алаңда ойнайды. Жартылай финалдағы қарсылас Грекияны жеңген жағдайда Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының жолдамасын сарапқа салу үшін Грузия немесе Люксембургке аттанады. Айта кетейік, Грекияға қарсы ойын 21 наурызда болса, финалдық кездесу 26 наурыз өтеді. Футболдан Қазақстан құрамасы екі ойында да жеңсе, 2024 жылғы Германияда өтетін Еуропа біріншілігіне жолдама алады.