Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Манчестер Юнайтед" 13 футболшысымен қош айтыспақ. Әліпке мүмкіндік пе?

AstanaTV
24.11.2023ж. 14:46
837
"Манчестер Юнайтед" 13 футболшысымен қош айтыспақ. Әліпке мүмкіндік пе?

"Манчестер Юнайтед" футбол клубы алдағы екі трансферлік кезеңде (қысқы және жазғы) 13 бірдей футболшысымен қош айтысуы мүмкін. Команданың бас жаттықтырушысы Эрик тен Хаг ұжымды қайта жасақтағысы келеді, деп жазды massaget.kz.

Қазіргі таңда командадан кететін футболшылар қатарында Джейдон Санчо, Мэйсон Гринвуд, Донни ван де Бек, Антони Марсьяль және Рафаэль Варан сынды футболшылар бар. 

Эрик тен Хаг "қызыл сойқандарды 2022 жылдың шілде айынан бастап жаттықтырып келеді. Оның бастауымен манкуниандық клуб 2022/2023 жылғы маусымда үздік үштікке ілінді. Ал қазір 12 ойыннан кейін 21 ұпай жинап, 6-орында келеді. 

Айта кетейік, осыған дейін "Манчестер Юнайтед" қазақстандық қорғаушы Нұрәлі Әліпке қызығушылық танытты деген ақпарат тараған еді. Кейіннен мұны ойыншының өкілдері жоққа шығарған-ды.