$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Астанада ауруханаға түскен 7 жасар қыз үйіндегі жағдайдан кейін онда қайтқысы келмеген

AstanaTV
26.11.2023ж. 20:29
3051
Астанада ауруханаға түскен 7 жасар қыз үйіндегі жағдайдан кейін онда қайтқысы келмеген

Астанада жеті жасар қыз үйіндегі үнемі ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түсті. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-парақшасында жазды.

"Үйде жүйелі түрде ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түскен жеті жасар қызды көруге бардым. Бала үйге қайтпай, ауруханада қалса бола ма деп сұрады", - деп жазды балалар омбудсмені.