Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» футзал командасының ойын кестесі белгілі болды

AstanaTV
26.11.2023ж. 21:51
2226
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» футзал командасының ойын кестесі белгілі болды

Футзалдан «Қайрат» командасының Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Kazіnform.

Қазақстандық команда В тобында сынға түседі.

Қарсыластары - «Бенфика» (Португалия), «Добовец» (Словения) мен «Приштина» (Косово).

Ойындар Косовоның Приштина қаласындағы Жастар сарайында 2023 жылдың 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өткізіледі.

В тобындағы ойындар кестесі:

29 қараша

22:00 «Бенфика» (Португалия) - «Добовец» (Словения)

29/30 қараша

1:00 «Қайрат» (Қазақстан) - «Приштина» (Косово)

30 қараша

22:00 «Қайрат» (Қазақстан) - «Бенфика» (Португалия)

30 қараша/1 желтоқсан

1:00 «Приштина» (Косово) - «Добовец» (Словения)

2 желтоқсан

22:00 «Добовец» (Словения) - «Қайрат» (Қазақстан)

2/3 желтоқсан

1:00 «Приштина» (Косово) - «Бенфика» (Португалия)

Өзге топтардағы командалар бөлінісі:

А тобы: «Барселона» (Испания), «Этуаль» (Франция), «Эболи» (Италия), «Рига» (Литва)

C тобы: «Спортинг» (Португалия), «Андерлехт» (Бельгия), «Лозница-Град» (Сербия), «Халадаш» (Венгрия)

D тобы: «Пальма» (Испания), «Хит» (Украина), «Олмиссум» (Хорватия), «Любава» (Польша).

Элиталық сатысында әрбір топта жеңімпаз болған командалар «Төртеудің финалы» сатысына жолдама алады.

Жарыстың аталған сатысында Чемпиондар лигасының жеңімпазы анықталады.