Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Ақмола облысында 20 тонна жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды

AstanaTV
27.11.2023ж. 13:00
575
Ақмола облысында 20 тонна жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды

Ақмола облысында «Көкшетау – Рузаевка» тас жолында көктайғақтан жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Көкшетау – Рузаевка» тасжолының 21-шақырымында болды.

«Рузаевка бағытында жүріп бара жатқан «Вольво» көлігінің жүргізушісі – 21 жастағы ақтөбелік көктайғақтың салдарынан рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылды. Анықталғандай, жүргізуші Астанадан Ақтөбе қаласына 20 тонна жұмыртқа тасымалдап бара жатқан», - деді ведомстводан.

Демалыс күндері ауа райының нашарлауынан Ақмола облысында 18 жол-көлік оқиғасы болды.