$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Ырымның озығы бар, тозығы бар», - қоғам белсендісі

27.11.2023ж. 20:00
1042
«Ырымның озығы бар, тозығы бар», - қоғам белсендісі

Көшеде жолыңды мысық кесіп өтсе, жолың болмайды! Алақаның қышыса ақша түседі, табаның дуылдаса алыс жол жүресің! Көзің тартса қуанып, құлағың шыңылдаса өсекке қалдым дей бер. Қысқаса, қазақта тал бесіктен жер бесікке дейін әр қадамың сыналатын ырым-тыйым көп. Оларды кім ойлап тапқан? «Қазақ ырым етеді, ырымы қырың кетеді» деген сөз рас па? Ал, сіз тыйымға сенесіз бе? Әріптесім Аружан Задабек тақырыпты тарқатады.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

- Сәлем, Балжан! Қалың қалай?
- Жақсы.
- Табалдырықта тұрма, жаман ырым. Ішке кірейік.
- О, сорпа істегенсің ба?
- Саған арнап істедім
- Өй, қазаннан ішуге болмайды. Ертең балаңның мұрны дәу болады.
- Түсімде сені көрдім. Қайтыс болыпсың.
- Түсіңде қайтыс болсаң, өңіңде өмір жасың ұзақ болады. 100-ге келейін деп тұрмын ғой.
- Қасық түсті жерге, үйге біреу асығып келе жатыр.
- Жақсы, үй осы. Келіп тұр. Өй, оң аятан бастап кисейші. Жаман ырым сол аяқтан бастау. Оның үстіне ертең күйеуің ұры болады.
- Не деген бітпейтін ырымдар?
- Иә, қазақтың осындай ырым-тыйымы көп.
- Тоқта-тоқта, бүгін сен эфирге шығасың ғой. Көз тиеді 
Міне, әр қадам наным-сенімнен тұрады.

Айта берсең жалғаса береді. Қазақ жаңа түскен келінге отқа май құйғызады.

Сәбиге беделді кісінің есімін береді. «Жұғысты болсын» деп тойдағы шашуға таласады.

Шақалақтың тойында бесіктің үстіне шығып, ат қылып шабады. Кішкентай баланың аузына түкіреді.

Көне кезеңнен көк пен отқа табынған түркілер ұрпағы үшін кейбір салт ырымдардың еш ерсілігі жоқ.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Мысық жолды кесті деген ырымдар болады. Ондайға сенбеймін.
- Қызды қырық үйден тыю деген ырым бар. Енді ол қызды тәрбиелеу керек қой.
- Миға қонбайтындары бар. Мысалы үйден шыққаннан кейін қайтып келме деген ырымдар бар еді ғой.
- Қазақ ырымдарының бәрі жөнімен айтылған. Сол ырымдарды біз істесек, нағыз қазақ боламыз!

Ырым тек қазақта бар десеңіз, қателестіңіз. Мәселен грекиялықтар біреуді мақтамас бұрын үш рет түкіреді. Үйіне келген қонаққа міндетті түрде ішімдік ұсынуы қажет. Олай етпесе «тәрбиесіз» деген жаман атқа ие болады. Ал, келген қонақтың шашын тарауы үй иесін сәтсіздікке ұшыратады деген сөз. Ал, Таиландтықтар бір-біріне жақсылық тілегенін көшеде су шашып білдіреді. Немістер мерекені көңілді қарсы алу үшін креслодан секіреді екен. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» деген осы.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Ырымның озығы бар, тозығы бар деген мәселе бар ғой. Сол ырым-тыйымдарды біз қаншалықты мән-мағынасы бар, біздің өмірімізге қаншалықты көмектеседі, тәрбиеге қаншалықты әсері бар деген сияқты іріктеп, зерделеп қоодануымыз керек.

Қазақта «Ырымға сенсең, үйде отыр» деген де сөз бар. Бірақ дәстүр мен салтты жоғалтуға әсте болмайды. Тек ырым, сенім деген ұғымдарды өзара ажырата білсек болғаны. Ұлтымыз ұрпағын «ұят болады», «жаман болады», «обал болады» деген үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген. Бірақ тарихшылар халық бұл сөздерді басқа мағынада түсініп, ысырапшылдыққа жол беріп жатыр, - дейді.

Жомарт ЖЕҢІС, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

{Кейбір нәрселерде ұлттық рең болғанымен, қазіргі үйлену тойы сол кеңестік кезеңнің сипатымен жасалып келе жатыр. Тойға апаратын сый-сияпаттың жөні болады. Бұрын ат алып келетін. Құр босқа той иесін шығынға батырамыз.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Бүгін ауа-райы қандай тамаша! Бүгін мен үшін сәтті күн болайын деп тұр. Қара мысық? Не үшін алдыма қара мысық келе береді? Енді жолым болмай қалуы мүмкін. Ол үшін мына нанымды қайталау керек. « Қара мысық жолама! Қара мысық жолама! Қара мысық жолымды кеспе!»

Мысық: Иә, иә, жолың ашық енді. Осы адамдарды түсінбеймін, жолы болмаса неге бізден көреді?