Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Павлодар облысында ауыл мектебі бір аптадан бері жылусыз отыр

27.11.2023ж. 20:00
659
Павлодар облысында ауыл мектебі бір аптадан бері жылусыз отыр

Павлодар облысының Железин ауданында ауыл мектебі бір аптадан бері жылусыз отыр. Бұған қазандықтың істен шығуы себеп болған. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Десе де, мәселе қазандықта емес, білім ошағының жылу құбырларында болып шықты. Ұзақ жылдан бері тазаланбаған батереялар бітеліп қалған.

Нартай БЕКТЕМІРОВ, МЕРДІГЕР:
Негізі 2 сағаттың ішінде бітіретін промывканы 3 күн жасадық. Асты полный толып қалған. Батереяның бәрін шешіп тазалап жуып, ыстық суды жібердік. Ыстық келеді. Бірақ, циркулациялық жоқ давление. Сосын насос қойып жатырмыз.
Ал оқушылар бір апта қашықтықтан оқытылды. Аудан атқамінерлері бүгіннен бастап жылу жүйесі қалыпқа келтірілгенін айтты. Бір қызығы, биыл мектептің 700 метр жылу құбыры ауыстырылған. Алайда, батереяларды тазалау жұмыстары жүргізілмеген.

Айтуған ШАЙХИМОВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Мектепке жылу кетті. Кластарда нормаға сәйкес жылу бар.Балалар бүгін қалыпты жағдайда оқып жатыр. Бүгін таңертең кабинеттерде 19 градус, коридорда 17 градус жылы. Нормаға сай.