Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Шымкентте жас ана баласын сатпақ болды

Шымкентте жас ана  баласын сатпақ болды

Шымкентте жас ана өз баласын сатпақ болған. 23 жастағы әйел перзент іздеген адамды делдал арқылы еліміздің басқа өңірінен тапқан. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері баласынан безген келіншекті әуежай маңында ұстады. Күдікті 45 жастағы сатып алушымен жолығып, уағдаласқан көрінеді.

Құдияр НҰРСЕЙІТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Факт Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Бала сәбилер үйіне орналастырылып, күдікті қамауға алынды.