Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жас батыр Ақжол Герой "Ел қорғаны" медалімен марапатталды

AstanaTV
27.11.2023ж. 20:00
555
Жас батыр Ақжол Герой  "Ел қорғаны" медалімен марапатталды

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жас батыр Ақжол Герой "Ел қорғаны" медалімен марапаттады. Ержүрек ұлдың ата-анасына арнайы алғыс хат табысталды. Еске салайық, Алматы облысы Өтеген батыр кентіндегі № 24 лицейдің 8 сынып оқушысы автобусты дер кезінде тоқтатып, жол апатының алдын алған болатын. Қоғамдық көлік жүргізушісінің жүрек талмасы ұстап қалған. Осы сәтте, батыр Ақжол тежегішті басып үлгеріп, көлікті тоқтатып, жолаушыларды аман алып қалды. Куәгерлердің айтуынша, сәл болмағанда көлік үйге соғылатын еді.