Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Елордада «AMANAT TECH» әлеуметтік стартаптарды дамыту алаңы іске қосылды

27.11.2023ж. 20:00
641
Елордада «AMANAT TECH» әлеуметтік стартаптарды дамыту алаңы іске қосылды

Елордада «AMANAT TECH» әлеуметтік стартаптарды дамыту алаңы іске қосылды. Шараға «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанаты мен «Astana Hub» IT-стартаптар Халықаралық технопаркі ұйытқы болып отыр. Екі күнге жоспарланған. Қатысушылар нашақорлықтың алдын алу бойынша жобаларын ұсынады. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған шараға 170-тен астам жасты қамтылған, іріктеу кезеңіне 20 команда жолдама алды.

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Жобаның негізгі мақсаты -жастардың пікірі арқылы есірткімен қалай күресуге болатыны жөнінде ақпарат алу және оған мүмкіндік беру. Себебі көбіне бұл жастарға қатысты мәселе. Бірақ біз олардан көп сұрай бермейміз да, өзіміз отырып бұлар үшін шеше береміз. Бүгінгі негізгі мақсат -осы жастардың өзін тыңдайық.
Әлихан АЙТБАЙ, ҚАТЫСУШЫ:
Әлеуметтік желілер мен телеграм парақшалар, вконткатке желілерін біз сол сайтта ұсынатын боламыз. Яғни ол ата-аналарға көмек болады. Сондай бір роуд-маб жасаймыз. Ол ата-аналарға және олардың балаларына сол есірткіден алдын-алуға көмек болады.