Биыл 10 айдың қорытындысымен Қызылорда облысы макроэкономикалық даму көрсеткіші бойынша көшбасшылар қатарына енді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшиннің қатысуымен өткен жиында айтылды. Вице-министр бірқатар нысандарды аралап, атқарылған жұмыстармен танысты.
Аймақта «Жайлы мектеп» жобасы аясында 21 білім ордасын салу жоспарланған. 10 нысанның іргетасы қаланып, жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, қалада ғана емес, аудандарда да тұрғын үйлер қарқынды салынып жатыр. 500-ден аса ауыл тұрғыны баспаналы болды. Сондай Шиелі ауданында 50 пәтерлік үй әлеуметтік осал топтарына берілген. Жалпы аймақта құрылыс қарқынды жүргізілуде.
Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Қасым Жомарт Кемелұлы қазан айындағы сапарында өңір үшін маңызды тарихи шешімдер қабылдады. Көптің көкейінде жүрген Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің Ақтөбе қаласына дейінгі аймуғаны 4 жолаққа айналдыру, Қызылорда қаласын ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесін алдағы 3 жыл ішінде шешуді Үкіметке тапсырды.
Ауыз толтырып айтар жобалардың бірі – жаңа жылу электр орталығының құрылысы. Ол аймақтағы мәселені түбегейлі шешіп қана қоймай, электр энергиясын сыртқа шығаруға мүмкіндік береді. Аталмыш нысан шетелдік инвестордың қаражаты есебінен салынуда. Бюджеттен тыс қаржы көздерінен жүзеге асып жатқан мұндай ауқымды жұмыстар вице-министрдің қатысумен өткен республикалық семинар-кеңесте талқыланды. Оң бағаға ие болды.
Тимур ҚАРАҒОЙШИН, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Жергілікті бизнесте жүрген азаматтар құрылысшылар осының бәрін қолын созып халыққа қарай жақсы мынадай жұмыстар жүргізген. Осыны көріп жатырмыз. Бұл әкімшіліктің ұйымдастыруы. Қалған республикада да осындай Қызылордадағы әкімшілік жасап жатқан жұмысты ұйымдастыру керек. Президенттің айтқан интвесторларды тарту керек.
Мемлекет басшысының «Туған жерді бірге түлетейік» үндеуін аймақтық кәсіпкерлер бірауыздан қолдады. Демеушілер есебінен 37 млрд теңге қаржы тартылған.