Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Лос-Анджелесте қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді

AstanaTV
27.11.2023ж. 22:23
863
Лос-Анджелесте қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді

АҚШ-тың Лос- Анджелес қаласында қазақ мәдени орталығы жұмыс істеп тұр,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы

Ресми «Калифорния қазақ коммюнити» деп аталған қауымдастық отандастарымыздың бас қосатын қара шаңырағына айналды. Осы шаһардағы қазақтарының туған тіл, мәдениет пен салт-дәстүрден ұмытпауына үлес қосып отыр. Мұнда аптасына бір рет қазақ тілі, домбыра, би және спорт сабақтары өтеді. Тегін. Ал бала саны аз емес. Себебі, Лос Анджелес пен маңайдағы қалаларда шамамен 500-ге жуық қазақ отбасы бар. Қазір қазақ қауымдастығының негізгі жұмысы балаларға арналған. Сабақтардан бөлек, түрлі ойындар, саябақтарда кездесулер де ұйымдастырылады.

"Қазақтарды жинап жүргенбіз. Үйде жиналып жүрдік. Бірақ үйге симайтын болдық. Сосын осындай орталық құру туралы ой келіп, ақыры ашылды. Себебі осындай балалар қазақша сөйлессе, араласса дедік. Әйтпесе тілдері ағылшыншаға ауысып кетеді",-дейді «Калифорния қазақ коммюнити» қауымдастығының төрайымы Раушан Мұхтар.