Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Лионель Месси "Барселонаға" қашан оралады? Оның ең жақын досы жауап берді

AstanaTV
27.11.2023ж. 23:00
780
Лионель Месси "Барселонаға" қашан оралады? Оның ең жақын досы жауап берді

"Манчестер Сити", "Барселона" клубтары мен Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы Серхио Агуэро «бұрынғы әріптесі Лионель Мессидің каталон клубына оралуы мүмкін бе?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Лео "Барселонаны" ерекше жақсы көретінін айтатын. Ол тарихтағы үздік футболшы. Карьерасын аяқтаған соң "Барселонаға" оралуы мүмкін бе дейсіз ғой? Екеуміз бұл туралы сөйлескен жоқпыз, бірақ, меніңше, оны оралуы уақыт еншісіндегі ғана дүние секілді, - деді ол AS-ке берген сұхбатында.

36 жастағы Месси "Барселонаның" тәрбиеленушісі. Бұл клубта 2003-2021 жылдар аралығында өнер көрсетіп, осы аралықта 778 матчқа қатысты. Каталон клубында 672 гол соғып, 303 нәтижелі пас берген.

"Барселона" сапында ол Испанияның он дүркін чемпионы және Чемпиондар лигасының төрт дүркін чемпионы атанды.