$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БҚО-да 35 жастағы әйел кәмелетке толмаған қызын жезөкшелікке салған

AstanaTV
27.11.2023ж. 23:28
1301
БҚО-да 35 жастағы әйел кәмелетке толмаған қызын жезөкшелікке салған

БҚО-да әйел кәмелетке толмаған 17 жастағы қызын алдап, жезөкшелікке салған. Бұл туралы деп хабарлады Halyq Uni. 

Ішкі істер министрлігінің өкілдері  Оралдағы колледждердің бірінде 2-курс оқитын қыздың оқиғасын айтты. Деректерге сай, 17 жастағы бойжеткенді өз анасы алдап, жезөкшелікке салған.

35 жастағы келіншек қызын 3 ай бойы жалдамалы пәтерлерде ер адамдарға апарған. Ол жарнаманы желіге салып, сол арқылы клиент тапқан.

Тәртіп сақшылары жәбірленушіні туыстарына тапсырды. Ал анасы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.