Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Прокуратура жауапсыз ата-аналардан 15 баланы тартып алды

AstanaTV
28.11.2023ж. 15:30
648
Прокуратура жауапсыз ата-аналардан 15 баланы тартып алды

Алматы облысында балаларына жауапсыз қараған 51 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясындағы біріккен рейдтердің нәтижесінде 51 ата-ана, оның ішінде 38 тұлға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 127-бабы (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау); 7 тұлға ӘҚБтК 440-бабы (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу); 3 тұлға ӘҚБтК 73-2-бабы (ұрып-соғу); 2 тұлға ӘҚБтК 442-бабы (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы); 1 тұлға ӘҚБтК 73-1-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жауапсыз ата-аналардан 15 бала алынды. Сотқа ата-ана құқығын шектеу туралы 7 талап қою берілді», - делінген Алматы облыстық прокуратурасы таратқан мәліметте.

Ведомство мәліметінше, азық-түлік, көмір және балаларға жылы киім түрінде материалдық көмек 86 отбасыға көрсетілді. Медициналық тексеруден 901 бала өтті, 16 бала ауруханаға жатқызылды. Баспана кезегіне 152 бала қойылып, 2 отбасыға үй алуға көмек көрсетілді.