Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Сауд Арабиясында Криштиану Роналду атындағы мұражай ашылды

AstanaTV
28.11.2023ж. 15:59
560
Сауд Арабиясында Криштиану Роналду атындағы мұражай ашылды

«Әл-Наср» футбол клубының және Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналдудың Сауд Арабияда жеке мұражайы ашылды.

«Бұл – менің тарихым. Мадейрадан Сауд Арабиясына дейін өткен жолымнан сыр шертетін CR7 мұражайы енді Эр-Риядта ашылды», - деп жазды әлемдік футбол жұлдызы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Мұражайда Криштиану Роналдудың жеке киімдері: футболкалары, аяқ киімдері және жүлделері мен медальдарі, соның ішінде «Алтын доп» жүлдесі қойылған. Онда футболшының балауыздан жасалған үлгісі де бар.

Еске сала кетсек, Роналду «Әл-Наср» командасына қысқы трансфер кезінде ауысқан. Ойыншы 2022-2023 жылғы маусымды «Манчестер Юнайтедте» бастап, кейін ондағы басшылықпен және жаттықтырушымен жанжалдан соң клуб сапынан кетуді ұйғарды.