Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"2472 азаматқа қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды", - полиция

"2472 азаматқа қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды", - полиция

Қызылордада "AMANAT" партиясының бастамасымен қолға алынған "Қауіпсіз қоғам" акциясы аясында мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Шара барысында тәртіп сақшылары мен партия мүшелері тұрмыстағы зорлық зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жаднамалар таратып, мәселенің өзектілігін айтты. Осы бағыттағы сұрақтармен жүгінген студенттерге құқықтық кеңес берді.

Шамшидин АМИТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бәрімізге мәлім мынау зорлық-зомбылықсыз 15 күн акциясы өтіп жатыр. Оған қатысты да бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Бүгінгі күнде 2472 азаматқа қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. 361 тұлғаға қатысты мінезіне ерекше талап белгіленді.