Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қызылжарда анасынан таяқ жеген 7 жасар қыз ауруханаға түсті

28.11.2023ж. 20:00
467
Қызылжарда анасынан таяқ жеген 7 жасар қыз ауруханаға түсті

Қызылжарда баласымен тіл табыса алмаған ата-ана оны соққыға жыққан. 7 жасар қыз баланың денесіндегі жарақаттарды мектеп медбикесі көріпті. Медицина қызметкері бұл жайында дереу полицияға хабарлаған. Тексеру барысында оның 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі ұрып-соққаны анықталды. Олар өзінің теріс қылығын қыздың тіл алмауымен түсіндірген. Қазір жеткіншек ауруханада ем алып жатыр.

Асқар МҰХАМЕТҚАЛИЕВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша Петропавл қаласы полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Істің барлық мән-жайларын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.