Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

13 жастағы оқушы қызды сыныптастары терезеден лақтырып жіберген

AstanaTV
29.11.2023ж. 09:20
854
13 жастағы оқушы қызды сыныптастары терезеден лақтырып жіберген

Мәскеуде 13 жастағы оқушы қызды үзіліс кезінде сыныптастары терезеден лақтырып жіберген. Жасөспірімнің омыртқасы зақымданған, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі SHOT басылымына сілтеме жасап.

Ол болған оқиға туралы дұрыс айта алмайды. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Барлығы жеке мектеп қабырғасында болды. Жәбірленушінің сөзіне сүйене отырып, оның бірінші қабаттағы мектеп ғимаратында үзіліс кезінде сыныптастарымен ойнап жүргенін білуге болады. Бір кезде сыныптарының бірі үлкен терезені ашып, қызды жай итеріп жіберген, деп айтылған хабарламада.

Мектеп оқушысы балалар ауруханасына жеткізіліп, мойын омыртқасының, шүйде және көкірек сүйектерінің зақымданғаны анықталды. Бесінші сынып оқушысы терезені кім ашып, оны сыртқа итеріп жібергенін түсіндіре алмайды.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.