Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

"Жарыстан шығып, тойыма ұшып келдім": Тоқаевты тойына шақырған Әсем Орынбай Қызылордаға келін болды

AstanaTV
29.11.2023ж. 08:51
912
"Жарыстан шығып, тойыма ұшып келдім": Тоқаевты тойына шақырған Әсем Орынбай Қызылордаға келін болды

Стенд атудан Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, әлем кубогінің иегері Әсем Орынбай бүгін Қызылорда жеріне келін болып түспекші. Спортшы Дохадағы әлем кубогінде жеңіске жеткен соң, Алматы арқылы Қызылорда қаласына жол тартқан, деп жазады Bassport.kz.

Әсем Орынбайдың таңдауы түскен жігіттің есімі – Әлішер. Екі спортшы да стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі. Спортшы қыздың ұзату тойы 7 қараша күні Талдықорғанда өтті.

Содан соң Әсем дереу жарысқа дайындалып, Дохадағы әлем кубогінің финалдық кезеңіне ұшып кеткен. Бүгін ол өзінің үйлену тойына қатысу үшін Қызылордаға ұшып келді.

«Ұзатылған соң, Қызылордаға екі-үш күнге бардым. Содан соң дайындалып, Катардағы финалдық кезеңге кетіп қалдым. Енді міне, тойға ұшып келіп отырмын. Жолдасым да спортшы, екеуміз жарыстарға, жаттығу жиындарына бірге барамыз. Ата-енемнің түсінігі мол, олар біздің спорттағы мансабымызды қолдайды. Екі жақтағы ата-анамыздан да тек қолдау көріп отырмыз», - дейді Әсем.

Еске сала кетейік, Әсем Орынбай Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында командалық және аралас жұптық сында чемпион атанған еді. Спортшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, президентті үйлену тойларына шақырған.