$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада мас күйде көлікке отырған әйел жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

AstanaTV
30.11.2023ж. 22:00
1025
Астанада мас күйде көлікке отырған әйел жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

42 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты

Астанада мас күйде көлікке отырған әйел жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Астанада тұрғын үй ауласында мас күйде көлік жүргізген әйел жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, артынша тұрақта тұрған үш көлікті соққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 28 қарашада болған.

«Мас күйде көлікке отырған әйел адам тұрғын үйдің ауласында жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Соның салдарынан 42 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Ал мас жүргізуші онымен қоймай, көлік тұрағында тұрған үш көлікті соққан», - делінген хабарламада.

Жол апатына кінәлі жүргіушіні патрульдік бригада ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Бұл баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті қарастырады. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп атап өтті полиция.