$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Әлем жаңа ядролық ғасырға «сырғып» келеді - Н.Назарбаев

AstanaTV
01.04.2016ж. 20:00
2000
Әлем жаңа ядролық ғасырға «сырғып» келеді - Н.Назарбаев

Әлем аса қауіпті жаңа ядролық ғасырға «сырғып» келеді. Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік бойынша саммитте Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Басты қауіп-қатер шикізаттың таралуына тосқуыл қою керек, оның ішінде ядролық материалдың лаңкестерге жетуіне жол берілмеуі тиіс. Саммитке 50 елдің басшылары қатысты. 

Ядролық қауіпсіздік. Қарусыздану. Одан төнетін қауіп-қатер. Карнеги қорының штаб-пәтерінде Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан елдің басшысы ретінде бірінші болып  баяндама жасады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

На ХХI век человечество возлагало надежду как на новую эру мира и  глобального сотрудничества. К сожалению, уникальный исторический шанс на построение более безопасного и стабильного мироустройства был упущен. Миру вновь угрожает опасность, недооценивать которую нельзя. Эта угроза - смертоносная война глобального масштаба.

Радиоактивті заттардың заңсыз айналымы, Солтүстік Кореяның қоқан-лоқы көрсетуі және содырлар. Бірінші кезекте осыдан сақтану керек. Қазір көптеген халықаралық келісімдер орындалмайды. Мысалы, ядролық қаруды таратпау туралы келісім. Бұл - сенім дағдарысы.

Нұрсұлтан Назарбаев,  Қазақстан Республикасының Президенті:

Одной из самых серьезных проблем ХХI века является угроза ядерного терроризма, а также незаконный оборот ядерных и радиоактивных материалов. Мир «сползает» в новый ядерный век - потенциально более опасный и непредсказуемый.

Ядролық қару жөніндегі саммит - Барак Обаманың жеке жобасы. Ол  2009 жылы осы бағытта Нобель сыйлығын алған. АҚШ - қауіпті шикізатты өз аумағынан тыс орналастыртын жалғыз ел. Обама өз сөзінде Солтүстік Кореяға баса назар аударды.

Барак Обама, АҚШ президенті:

Біз Солтүстік Кореяның арандатуынан біргіп қорғануымыз керек. Халықаралық қауымдастық Пхеньян баллистикалық зымырандарды сынағаннан кейінгі БҰҰ қаупісіздік шараларын қатаң ұстануы керек.

Саммитке қатысушылар арагідік басқа тақырыпқа ауысып кетіп жатты. Мысалы, Обама Си Цзиньпинге Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери нысандардың құрылысы туралы айтты. Қытай басшысы жайлап мүдделерді сыйлауға шақырды. Ал ядролық клубқа қатысы жоқ Түркия президенті терроризм жайын қозғады. Ердоған елде жоқта лаңкестер тағы шабуылдады. Бұл жолы Диярбақырда 7 полиция қаза тапты.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

Мен бұл қатыгез шабуылды айыптаймын. Қаза болғандарға көңіл айтамын, жараланғандар сауығып кетсін. Біз елдегі лаңкестікті түбірімен жоямыз деп үміттенеміз.

Бұл төртінші әрі қорытынды саммит болса керек. Өйткені 2016 жыл - Барак Обама үшін президенттік мерзімінің соңы.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ