Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

70 жастағы әжей егіз бала тапты

AstanaTV
02.12.2023ж. 15:00
6756
70 жастағы әжей егіз бала тапты

Угандада 70 жастағы әйел егіз босанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сафина Намуквая ЭКО әдісімен жүкті болып, өмірге егіз баланы аман-есен әкелген. Угандалық қыз бен ұлдың анасы атанған әйелге кесарь тілігі жасалған.

BBC News жазуынша, Сафинаның өзі балалардың дүниеге келуін керемет деп атады. Зейнеткер ана өзін жақсы сезінеді. Кампала қалалық ауруханасы 70 жастағы ананың егіздерді өмірге әкелуін тек медициналық жетістік қана деп санамайды.

"Бұл адам рухының күші мен төзімділігі туралы әңгіме", - деп атап өтті дәрігерлер.

Намуквая Африканың ең қарт анасы атанды. Ол балаларды жалғыз өзі тәрбиелемек. Өйткені Сафина егіз күтеді деген жаңалықты естіген бойда, баларадың әкесі ажырасып кеткен.

"Ер адамдар бірнеше баланың өмірге келетінін ұнатпайды. Мені осында қабылдағаннан бері ол ешқашан келген емес", - деді әйел.

Бұл Намукваяның соңғы үш жылда екінші рет босануы. 2020 жылы ол қыз туды. Сафина тұңғышы дүниеге келгенге дейін адамдар оның балаларының жоқтығынан мазақ еткенін айтты.

"Мен басқа адамдардың балаларын бақтым, олар ержетіп, мені жалғыз қалдырды. Мен қартайған кезде маған қамқорлық жасайтын ешкім болмайды деп ойладым", - деп түсіндірді ол ұрпақ әкелгісі келетіндігін.

Ақпаратқа сәйкес, Намуквая балаларын дүниеге әкелу үшін донорлық ұрықты немесе бұрын мұздатылған ұрықты пайдаланғаны белгісіз. Сондай-ақ, Сафина менопаузадан өткен, өтпегені де белгісіз. Ол әдетте 45 пен 55 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі.