Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

"Қар жауып, боран соғады". Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

AstanaTV
03.12.2023ж. 10:16
5405
"Қар жауып, боран соғады". Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК 3 желтоқсанда Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдайдың болжамымен бөлісіп, дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың 13 өңірінде қолайсыз ауа райы белең алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Республикамыздың басым бөлігіндегі ауа райына Атлантикалық циклонымен байланысты атмосфералық құбылыстар әсер етеді, атап айтқанда, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды құбылыстар көбірек көрініс табады деп болжанады", - деп хабарлады  "Қазгидромет" РМК.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі, соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп болжанады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығы - Жезқазғанда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыста соққан желдің екпіні 23 м/с, Жезқазғанда 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағандыда көктайғақ болады деп күтіледі. Өңірде соққан желдің екпіні 23-28 м/с құрайды.

Таңертең және түстен кейін Семейде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Өскеменде таңертең және түстен кейін соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Оралда күндіз көктайғақ болуы ықтимал.