Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ливерпуль Киллиан Мбаппені сатып алуы мүмкін бе? Клуб басшылығы нақты шешім қабылдады

AstanaTV
03.12.2023ж. 11:11
705
Ливерпуль Киллиан Мбаппені сатып алуы мүмкін бе? Клуб басшылығы нақты шешім қабылдады

"Ливерпуль" басшылығы ПСЖ шабуылшысы Киллиан Мбаппемен келісімшартқа отыру әрекетінен бас тарту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл ақпаратты журналист Флориан Плеттенберг өзінің x әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жариялады. 

Дереккөздің хабарлауынша, қазіргі уақытта француз футболшысына үлкен қызығушылық танытып отырған жалғыз еуропалық клуб - Мадридтік Реал.

Естеріңізге сала кетейік, Мбаппенің Париж клубымен қазіргі келісім шарты келесі жылдың жазына дейін есептелген. Бұған дейін БАҚ-та карольдік клуб 2024 жылдың алғашқы айларында 24 жастағы футболшымен келісімшартқа отыруды қалайтыны туралы ақпарат пайда болды.

Биылғы маусымда Мбаппе түрлі турнирлерде 17 матчқа қатысып, 17 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.