$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Газа секторында қаза тапқандар саны 15,5 мыңнан асты

AstanaTV
04.12.2023ж. 09:33
1724
Газа секторында қаза тапқандар саны 15,5 мыңнан асты

Израиль әскерінің қоршауында қалған Газа секторына жасаған шабуылдан қаза тапқандар саны 15 523-ке жетті.

Anadolu агенттігінің жазуынша, бұл туралы Газа секторы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ашраф әл-Кудра мәлімдеді.

Әл-Кудраның айтуынша, сонымен қатар эксклавтың 41 мыңнан астам тұрғыны зардап шекті.

Палестиналық шенеунік сонымен қатар Газа секторында Израиль күштері ұстаған «Әл-Шифа» ауруханасының директоры мен 31 медицина қызметкерінен жауап алынғанын атап өтті.

Еске салайық, 7 қазанда таңертең ХАМАС қозғалысының әскери Израильге қарсы зымыранмен атқылаған. Артынша Израиль армиясы «соғысқа әзірлік» жариялап, ал 8 қазанда елдің «соғыс жағдайына» кіргенін ресми түрде жариялады. Бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан израильдік операция «Темір қылыштар» деп аталды.