Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанада әскери қызметкер өртеніп жатқан көліктегі адамды құтқарды

AstanaTV
05.12.2023ж. 08:42
719
Астанада әскери қызметкер өртеніп жатқан көліктегі адамды құтқарды

Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан көліктің ішіндегі адамды алып шыққан әскери қызметкердің видеосы тарады. Аталған оқиға 2023 жылы 3 желтоқсанда Астана қаласында болғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, видеодағы әскери қызметші - Мейрамбек Ысқақов взвод сержанты, 68665 әскери бөлімінің жауынгерлік және дене шынықтыру нұсқаушысы.

2023 жылдың 3 желтоқсанында кешкі уақытта Мейрамбек Ысқақов дүкенге шыққан. Жанып жатқан автокөлікті көрген әскери қызметші оқиға туралы елордадағы Төтенше жағдайлар департаментінің 101 орталығына шұғыл хабарлайды. Дереу қимылдаған әскери қызметші жанып жатқан көліктің ішінде адам бар екенін аңғарып, оны қауіпсіз жерге алып шығады. Бұл уақытта ер адам есінен танып қалады. Алғашқы медициналық көмек көрсеткен Мейрамбек азаматты оқиға орнынан келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырады. Жүргізуші № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді, - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.