Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Шығыс Қазақстанда бір отбасы адасып кеткен

AstanaTV
05.12.2023ж. 08:56
813
Шығыс Қазақстанда бір отбасы адасып кеткен

ШҚО ТЖД мәліметінше, Өскемен қаласының үш тұрғыны және 2010 жылы туған бала бірнеше күн бұрын омартаға шығып, адасып кеткен. 

Ведомство мәліметінше, құтқарушылар қар басқан, ұзақ шақырым жолды еңсеруге мәжбүр болды. Нәтижесінде 4 желтоқсанда ТЖД қызметкерлері Киреевка ауылынан үш шақырым жерде орналасқан омарталардың бірінен отбасын тапты.

"Олардың көлігі бұзылып қалғаны, өз бетінше елді мекенге орала алмағаны белгілі болды. Адамдар Өскеменге жеткізілді. Бақытымызға орай, оларға медициналық көмек қажет болмады", - деді ШҚО ТЖД өкілі.