$487.24 €529.34 ₽5.02
×

"Реал" командасы тарихындағы үздік 50 футболшының рейтингі жарияланды

AstanaTV
05.12.2023ж. 11:52
912
"Реал" командасы тарихындағы үздік 50 футболшының рейтингі жарияланды

Ұлбританияның FourFourTwo басылымы Мадридтің "Реал" клубы тарихындағы ең үздік футболшылардың рейтингін жариялады. Көш басында – Криштиану Роналду. 

Португалдық футболшы "корольдік клубта" 2009-2018 жылдар аралығында ойнады. Мансабындағы ең жұлдызды шағы да осы клуб сапында өтті деуге болады. Команданың ең үздік сұрмергені (438 ойында 450 гол соққан) атанды. Испаниядағы атақтарын қоспағанда, Чемпиондар лигасын 4 рет жеңіп алды, деп хабарлады  massaget.kz.

Роналдудан кейін команданың үздік футболшысы құрметіне Альфредо Ди Стефано ие болған. Үштікке Зиннедин Зидан енген. 

"Реал" тарихындағы үздік футболшылардың ондығы:

1. Криштиану Роналду

2. Альфредо Ди Стефано

3. Зинедин Зидан

4. Серхио Рамос

5. Икер Касильяс

6. Франсиско Хенто

7. Рауль

8. Сантьяго Бернабеу

9. Ференц Пушкаш

10. Луиш Фигу