Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Нұрасыл Төлебек алтыннан алқа тағында

AstanaTV
05.12.2023ж. 20:00
938
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында  Нұрасыл Төлебек алтыннан алқа тағында

Қуанышты хабар! Нұрасыл Төлебек – Жасөспірімдер арасында Әлем Чемпионы. 54 келі салмақта сынға түскен қазақстандық былғары қолғап шебері үндістандық Жатин Жатинді Ереванда өткен жарыстың финалында 4:1 есебімен жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды

 Ал әйелдер арасында 66 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық спортшы Айсұлу Мұхит Амалия Тугуяны 3:2 есебімен жеңіп, жарыс жеңімпазы болды.

Қазақстан құрамасы осы жарыста 4 алтын бес қола жүлде еншіледі.

НҰРАСЫЛ ТӨЛЕБЕК ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Семейлік "Елімай" клубының баспасөз қызметі қазақстандық маман Сергей Бойченконы қақпашылардың жаттықтырушысы етіп тағайындау туралы ресми хабарландыру жасады.

Бойченко-Семей футболының тәрбиеленушісі. 1998 жылы Елімаймен бірге ел чемпионы атанды.

46 жастағы маман бұған дейін "Атырау", "Ақтөбе" және атакенттік "Мақтааралда" еңбек еткен.

«Айта кету керек, Сергей Леонидович біздің бас бапкеріміз Андрей Владимировичпен бірге соңғы екі маусымда КПЛ күміс және қола медальдарын жеңіп алды», — деп хабарлады клуб баспасөз хатшысы

«ЕЛІМАЙ» ЖАҢА БАС БАПКЕРДІ ТАҒАЙЫНДАДЫ

«Астана» либериялық шабуылшыға көз тікті. Championatasia порталының хабарлауынша, «Астана» өзбекстандық «Сурхан» клубының ойыншысы Сильванус Нимелиге қызығушылық танытып отыр екен.

Нимели 2023 жылы 30 матчқа қатысып, 13 гол соғып, жеті нәтижелі пас берген. Ал Либерия ұлттық құрамасы үшін 12 ойын өткізіп, әзірге гол салмаған. Transfermarkt.com ойыншының құнын 800 мың еуроға бағалайды.

«АСТАНА» ЖАҢА ШАБУЫЛШЫ ІЗДЕУДЕ

Қазақстан Премьер лигасына қатысты жаңалықтарды жалғастырамыз. «Ақтөбеге» ресми түрде жаңа бас бапкер тағайындалды. Ол украиналық маман Дмитрий Парфенов.

Қос тарап 2024 жылғы маусымның соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

49 жастағы маман 2012 жылы бапкерлік мансабын бастап, Ресей жасөспірімдер құрамасын, «Текстильщик», «Тосно», «Урал», тулалық «Арсенал» және «Родина» клубын баптаған. «Ақтөбеге» жаңа бас бапкер келді

«Рапидтің» Самородовқа қанша жалақы ұсынғаны белгілі болды

Кейбір БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, «Рапид» Максим Самородовқа айына 7000 еуро (3,5 млн теңге) беруге дайын екен.

Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық құрамасына қызыққан бұл жалғыз Еуропалық команда емес. Самородов Түркияның «Трабзонспор» клубымен де келіссөздер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, «Локомотив» пен «Краснодардан» да қызығушылық бар. Естеріңізге сала кетейік, осы маусымда «Ақтөбе» үшін 24 ойын өткізіп, 5 гол салды. Ал Ақтөбелік клубтың Еуро ойындарында 2 нәтижелі ойын көрсеткен болатын.

«РАПИД» САМОРОДОВҚА ҚҰДА ТҮСУДЕ

Астанада таеквондодан Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы аяқталды. Жарысқа 113 ер адам мен 76 әйел қатысты, олардың арасында Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Смайыл Дүйсебай, Рио-2016, Токио-2020 Олимпиада ойындарының қатысушысы және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы Руслан Жапаров, чэндудегі Дүниежүзілік жазғы Универсиаданың чемпионы Рита Бакишева, құрама көшбасшылары және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпаздары Ботагөз Қапанова, Нұрбек Газез, Нұрай Хусайнова және тағы басқалар бар.

Байрақты бәсекеде отандық спортшыларымыз 16 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, өзара кім мықтыны анықтады.

ТАЕКВОНДОДАН VI ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫ АЯҚТАЛДЫ

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Балоев WBO рейтингінің жаңартылған нұсқасында жоғары сатыға көтерілді.

Дәрежелер кестесінің жақында шыққан нұсқасында Балоев 14-тен 13-ші орынға көтерілді. Бұл салмақтағы WBO әлем чемпионы-британдық Крис Билл-Смит, ал үштікті оның отандасы Ричард Риакпоре, поляк Майкл Цесляк және Мексикадан Хильберто Рамирес құрайды.

Әли Балоев өзінің соңғы жекпе-жегін 10 қыркүйекте Қытайдың Ухань қаласында өткен бокс кешінде рингке шықты. Онда ол француз Кирилл Макиадиді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, WBO Global бос белбеуін жеңіп алды.

Балоев WBO

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін! Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.