Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астанада дәрігерлер робот-ассистентпен операция жасады

AstanaTV
05.12.2023ж. 20:00
1503
Астанада дәрігерлер робот-ассистентпен операция жасады

Астанада дәрігерлер робот-ассистентпен операция жасады. Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығына буындарға жасалатын оталарда әрбір миллиметрге дөп түсетін арнайы робототехникалық жүйе әкелінді. Американдық робот ақхалаттылардың дәлдікпен операция жасауына көмектеседі.

Динара ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қазір науқастың тізе буындарына ота жасалуда. Оған үшінші, төртінші сатылы ортроз диагнозы қойылған. Бұған дейін дәрігерлер робот ассистентпен 4 операция жасады. Мамандардың айтуынша, дәрігерлердің операцияны дәлдікпен, шатаспай жасауына көмектесетін роботтың орталықта қанша уақыт болатыны белгісіз.

Ақтөбелік Сұлушаш Оспанованың тізесі 6 жылдан бері ауырады. Осы аралықта түрлі ем-дом қамылдап, былтыр ғана орталық дәрігерлері операция жасау қажет екенін айтқан.

Сұлушаш ОСПАНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

бір жыл дегенде порталмен келдім. Екі аяғым да ауырад, дәрігерлермен кеңесіп мені робот пен профессорларға аламыз деп келістік өзіміз, ескертті. Роботпен жасаса егер, мұнан да лучше болады деген соң, өз келісімімді бердім. Мен де ортрит, ортроз, 3-4 степень болды, екі аяғымда негізі. Бәрі енді артта қалды, бәрі нормально, жақсы.

Роботтың көмегімен жасалатын операция -тегін. Мамандардың айтуынша, бұл заманауи технология өте қажет. Себебі робот-ассистент зақымдалған аймақты 3D сканерлеудің арқасында барлық параметрлерді мінсіз есептей отырып, емделушінің буынына имплант қоюға мүмкіндік береді.

Жұмахан СЛАМОВ, №7 ОРТОПЕДИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ ТРАВМАТОЛОГ-ОРТОПЕД ДӘРІГЕРІ:

Роботтың бір жақсысы есептеп болған жағдайда то есть срездердің барлығын тізе или жамбас буындағы ол отклонение бермейді. Ығыспайды ешқайда, то есть если сіз қаласаңызда төмен или жоғары немесе оңға солға ығысуға повод бермейді. Бұған дейін бәрін өзіміз қолмен жасайтынбыз.

Алексей ШУМСКИЙ, Н.Н.ПРИОРОВ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ-ОРТОПЕД ДӘРІГЕРІ:

Робот-ассистентпен жасалған операциялар классикалық әдіске қарағанда дәлірек өтеді. Бұл дәрігерлер үшін де, науқасқа да ыңғайлы болмақ. Сонымен қатар осы әдіспен салынған имплант ұзағырақ тұрады.