Астананы көк мұз басты. Желтоқсандағы жаңбыр таң ата елордалықтардың есін шығарды. 200-ге жуық адам тайып жығылып, мертіккен. 79 көлік жол апатына ұшырады. Ауа райының қолайсыздығынан мектеп оқушылары мен 1, 2-курс студенттерінің сабағы онлайн режимге ауыстырылды. Жолдар жабылып, қала маңына қатынайтын барлық автобустың жұмысы уақытша тоқтады.
Айсәуле СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ:
Астанада көктайғақ. Таңғы табиғаттың тосын сыйынан қалада көлік қатынасы қиындады. Бірқатар қоғамдық көлік жүрмей қалды. Салдарынан жұмысқа кешкендердің қарасы көбейді. Ал біз осылай тротуарлардан сырғанай-сырғанай жұмысқа әрең жеттік. Таңғы сағат 7 мен 9 арасында қала бойынша 30-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Ойбай, әрең шықтық қой жұмысқа. Автобустар да дұрыс жүрген жоқ. Қалай жүреміз мына жолдан. Көктайғақ. Общем жүріп болмайды. Әрине құладық. Екі рет құлап түстім өзім әзір. Тайып аяғымыз екі жаққа қарай. Не тұзды да әр жерге үйіп-үйіп қоя салған. Шашып кету жоқ.
- Ужасно. Такой гололед вообще. Почти что подали, но не упали. Мы двое держались друг за друга.
- Әзер-әзер былай ежелеп жүрдік. Жолмен келе жаттық потому что жолда машиналар жүреді да жолда онша мұз емес. Ал адам жүретін жол вообще. Ақырын-ақырын жүріп келдім. Құдай сақтады. Ана жылдары мен құлап, белімді сындырып алып едім.
- Скользко, еще не упал. Пока не упал. Но упаду если где то скользко сильно.
Таңнан бері травматологиялық пунктерде жұмыс қызу. 182 пациент медициналық көмекке жүгінген. Оның 15-і бала. Зардап шеккендердің арасында тобығы мен білегі сынғандар көп, -дейді травматолог.
Алексей СОЛОД, №1 КҚА ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ПУНКТ МЕҢГЕРУШІСІ:
162 пациент ауа райының қолайсыздығынан құлап жарақаттанғаны белгілі болды. Олардың ішінде 7-і бала бар. 13 адам ауруханаға жатқызылды. Қуанышқа орай, араларында балалр жоқ. Онлайн оқуға уақытылы ауыстырғаны жөн болды. Былтыр осы уақытта мұнша көп адам жарақаттанбаған еді.
Ал қала әкімдігі өкілдері коммуналдық қызмет екі ауысымда жатпай-тұрмай тазалап жатыр дейді. Таңертең 1600 тазалықшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылған. Жолға құм мен тұз сепкен. Бірақ жаяу жүргіншілер жолы мен аулаларды уақытылы тазалап үлгермеді.
Балмира ИСМАНҚҰЛОВА, САРЫАРҚА АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ МАМАНЫ:
Кейбір жерлерде жаңбыр таңертең де болды. Біз құм-тұз қоспасын сеуіп өткенмен, жаңбыр қайтадан жауған кезде ол қайтадан көктайғаққа алып келеді. Мердігер компаниялар құм-тұз қоспасын барынша себумен айналысып жатыр. Дегенмен де ауа райын болжау мүмкін емес болғандықтан біз барынша күшімізді салып жатырмыз. Дегенмен де осындай жағдайлар болып тұрады.
Ал ішкі істер министрлігінің дерегіне сүйенсек, республика бойынша ауа райы қолайсыздығынан соңғы екі күнде 350 көлік апаты болған. Сондықтан сапарға шықпас бұрын 112-ден келетін ескертулерге аса мән беру керек, - дейді мамандар.